Мұсылмандарға қасиетті айда қысым артқанКөршілес Қытай еліндегі мұсылмандарға көрсетіліп жатқан қысы...
Тоқаев Назарбаевқа ҚХА-ның құрметті төрағасы болуды ұсынды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясының құрметті төрағасы болуды ұсынды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" тілшісі.
Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа Ассамблея өкілдерінің ҚХА-ның құрметті төрағасы болу туралы ортақ ұсынысын жеткізді.
"Қазақстан халқы мен мемлекеттің алдындағы тарихи еңбегіңізді ескерсек, бұл мәртебе сізге тиесілі. Ассамблеяның барлық мүшесі осы ұсынысты қолдайтынына сенімдімін", - деді Тоқаев ҚХА сессиясы барысында.
Назарбаев ұсынысты қабыл алды.
"Жаңа міндеттерді қабылдай отырып, мен Ассамблеямен бірге жұмыс істеуді жалғастырамын. ҚХА мемлекет басшысының барлық бастамасын қолдайды, бәріміз бірге алға жылжимыз", - деді ол.
Еске сала кетейік, бүгін Елбасы, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеяны басқару құқығын президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыратынын мәлімдеген болатын.