Кірістер комитеті блогерлердің салығы туралы тың дерек айтты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1739

Мемлекеттік кірістер комитеті техникалық ақауға байланысты 169 салық хабарламасын кері қайтарды. Оның ішінде 93 блогерге салынған 9,8 млрд теңге салықтық міндеттеме де бар, деп хабарлайды Madeniportal.kz.

Органдағылар 543 блогердің 93-іне техникалық ақауларға байланысты хабарламалар кетіп қалған деп отыр.

“Жалпы сомасы 9,8 млрд теңгеге тең 93 блогерге жіберілген 169 хабарламаны кері қайтарып алынды. Хабарламалардың күшін жоюдың себебі оларды жіберу және өңдеу процесінде техникалық ақаулардың пайда болған”, – деп жазылған ведомство хабарламасында.

13-14 ақпанда мемлекеттік кірістер комитеті 600-ге жуық танымал тұлғаға салық ескертулерін жіберді. Әнші, кәсіпкер, журналист тәрізді тұлғалар 2022-2023 жылдар аралығында салық есебін дұрыс бермей, миллиондаған кірісін көрсетпеген деді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...