ШҚО-да бұрынғы әйелінің құлағының жартысын кесіп кеткен (ВИДЕО

Egovpress

ЖАҢАЛЫҚТАР
187

Шығыс Қазақстан облысындағы Самар ауылында ер адам қолына пышақ ұстаған күйде алты баласының анасы – экс-әйеліне шабуыл жасады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Жәбірленушінің айтуынша, ер адам оған жұмыс арасындағы үзіліс кезінде пышақпен тап берген. Салдарынан әйел ауыр жарақат алып, құлағының бір бөлігінен айырылған. Қазір ол ауруханада ем қабылдап жатыр.

Әйелдің сөзінше, бұрынғы күйеуі оны бұған дейін де бірнеше рет қорқытқан. Сол себепті өз өміріне алаңдаған ол полицияға бірнеше мәрте жүгінген. Шабуылға дейін ол әлеуметтік желілерде көмек сұрап, өзінің және кәмелетке толмаған алты баласының қауіпсіздігіне алаңдайтынын айтып, бірнеше бейнеүндеу жариялаған. Оқиғадан кейін ол полицияның әрекетсіздігі қайғылы жағдайға шақ қалғанын мәлімдеді.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті оқиғаға қатысты мән-жайды хабарлады.

«25 шілде күні полицияға Самар ауылының тұрғынына пышақ жарақаты салынғаны туралы хабарлама түсті. Осы факті бойынша күдіктіні ұстау үшін жедел шаралар қабылданды. Сол күні жәбірленушінің бұрынғы күйеуі, 51 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта ол қамауда отыр. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар жәбірленушімен кез келген байланыс жасауға тыйым салатын қорғау нұсқамасы шығарылды. Бұған дейін жәбірленушінің арыздары негізінде ер адам бірнеше рет қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ ол ата-ана құқығынан айырылған», – деп хабарлады ШҚО ПД.

Полиция қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын, тергеу қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тиісті шешім қабылданатынын мәлімдеді. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Халықаралық жастар күніне орай «Қала сенен басталады» деген ұранмен өтіп жатқан, 20 мың...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасы Президентінің кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі Жарлығын іске асыру аясын...