Тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров 75 жасқа толды

Жаңалықтар
5912

Бүгін Халық Қаһарманы, Кеңес одағының батыры, қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, әскери ұшқыш Тоқтар Әубәкіров 75 жасқа толды! 

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1-ші Май ауылында дүниеге келген. 1946 

1991 жылдың 2 қазаны күні Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде «Союз ТМ-13» зымыранымен ғарыш кеңістігіне көтерілді. Ғарыш әлемінде  7 күн 22 сағат 13 минут болып, өзіне берілген тапсырманы абыроймен орындап шықты. Ал, 10 қазан күні Тоқтар Әубәкіров, Анатолий Арцебарский, австрия ғарышкері Франц Фибөк «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Жерге оралды. Бұл күн ел тарихына алтын әріппен жазылды.

Ғарышқа Александр Александрович Волковпен және австриялық ғарышкер Франц Фибекпен бірге  ғарышкер-зерттеушісі ретінде көтерілген. Ол өзге серіктестерімін бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозольдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынған. Сонымен қатар Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды, аспанды астрофизикалық бақылау жұмыстары да ойдағыдай өткен. Ол Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери партриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.

1992-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары. 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық Аэроғарыштық агенттігінің бас директоры, Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары.

1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

1996-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, кеңесшісі. 2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары.

2002-2003 жылдары - «Испат-Қармет» ААҚ-ының корпоративтік істер жөніндегі орынбасары. 2004-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық іс, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

«Парасат» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен «Құрмет белгісі», Ленин, Қазан революциясы, «Алтын крест» ордендерімен марапатталған.

author

Тоқтар Әубәкіров

ҒАЛЫМ

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...