Франция Жан Поль Бельмондомен қоштасты

ЖАҢАЛЫҚТАР
2264

Франция ұлттық кино аңызы Жан Поль Бельмондомен қоштасты. «Жаңа толқын» символдарының біріне айналған актер дүйсенбіде 88 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" Еuronews-ке сілтеме жасап.

«Біз Жан Поль Бельмондоны жақсы көреміз, себебі ол біз сияқты еді. Ұлылар арасындағы ұлы, бірақ ол ең алдымен адам болды. Жан Поль Сартр оны осылай сипаттады. Біз оған таңданамыз, ол бізді күлдіре алды. Бельмондо біз сияқты, тек жақсырақ Бельмондо», - деді Франция президенті Эммануэль Макрон өзінің салтанатты сөзінде. 

Актермен қоштасу рәсімі Париж мүгедектер үйінде өтті. Француз туымен жабылған Белмондо денесі бар табыт «Профессионал» фильміндегі Эннио Морриконенің әуенімен аулаға шығарылды. Композицияны әскери оркестр орындады. 


Коронавирус шектеулеріне байланысты қоштасу рәсіміне санитарлық рұқсатнамасы бар мың адам жіберілді. Қалғандары үшін сырттан үлкен экрандар орнатылды. Жан Поль Бельмондоны жерлеу рәсімі жұма күні таңертең өтеді.

madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада бір күнде төрт бүлдіршін көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, олардың екеуі – қа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақст...