Көкшетау қаласында Халықаралық «ТеART-Көкше» театр фестивалі өтуде

ТЕАТР
1233

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2021 жылдың 4-8 қазан аралығында Көкшетау қаласында III Халықаралық «ТеART-Көкше» фестивалі өтуде. Биылғы өнер додасына Қазақстан, Ресей және Қырғызстаннан келген 12 шығармашылық ұжым түрлі жанрдағы қызықты қойылымдарын көрсетті. 

Фестиваль Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық орыс драма театры және ГИТИС Ресей театр өнері институтымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Жергілікті Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы атап өткендей, театр спектакльдері облыс орталығының бірнеше алаңында өтті. Фестивальге еліміздегі танымал театр сыншылары С.Қабдиева, Е.Жуасбек және шетелдік театр сынышалары Ц.Умуралиева (Қырғызстан), Н.Игламов (Татарстан), Л.Чхартшвили (Гүржістан), Г.Ситковский (Ресей) қазылық етіп, қойылымдарды кәсіби тұрғыдан сараптады. 

Сондай-ақ, фестиваль аясында театр білім зертханасының ашылуы өтті. Оның жұмысына Көкшетау, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы, Ақтау, Ақтөбе және басқа да қалалардың театр ұжымдары қатысып, түрлі шеберлік сағаттарын ұйымдастырды.

«Театр зертханасы әсем табиғатымен тамаша Зеренді ауданында өтуде. Шығармашылық шаралар барысында қатысушылар үшін қазақстандық және ресейлік жетекші театр қайраткерлері мен педагогтардың қатысуымен актерлік шеберлік, қуыршақ театры өнері, практикалық режиссура, театр менеджменті бойынша шеберлік сыныптары өткізіледі», - деп атап өтті ведомстводан.

Халықаралық фестиваль қорытындысы бойынша қатысушылар түрлі аталымдар бойынша марапатталады.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Халықаралық шай күніне арналған креативті видео әлеуметтік желілерде халықтың ризашылығына бөленуде....

Жаңалықтар

Семейде 33 жастағы әйелді көлікпен таптап кеткен, салдарынан ол қайтыс болды, деп хабарлайды madenip...