Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларға есірткі таратуға қатысқаны үшін жаз...
«Мәдениет порталының» «Жыл үздіктері» -2021
«Мәдениет порталы» - Қазақстан Республикасының мәдени мұрасын заңды түрде бір жерге жинақтайтын және тұрақты түрде насихаттайтын ағартушылық бағыттағы ең ірі мәдени платформа. Өздеріңіз де куә болғандай, жыл бойы өнердің кез-келген түріне қатысты әдеби-танымдық мақалалар, психо-философиялық жазбалар, өзге тілден қотарған аударма өлеңдер мен прозалық шығармаларды үздіксіз жариялап отырды. Қаншама жаңа аудармалар дүниеге келді, қаншама кітап беттерінде сарғая бастаған мақалалар мен шығармаларды электронды нұсқаға көшірдік. Мұнымен бірге «Мәдениет порталындағы» әр жазбаға әлемдік деңгейдегі суретшілердің жазған картиналары және карикатуралармен бірге жариялап отырдық. Мұның өзі қазақ оқырмандарының көкжиегін кеңейтіп, жаңа эстетикалық күй сыйлай білді деген сенімдеміз. Жыл соңында «Мәдениет порталының» редколлегия алқасы және редакция мүшелерінің шешімімен «Жыл үздіктері» анықталды.
Сонымен «Мәдениет порталының» «Жыл үздіктері» төмендегідей:
Жылдың үздік поэзиясы - Жамбыл Әміребеков. Жер-көкке сыймай барамын
Жылдың үздік прозасы - Айгүл Сейілова. Сортаң (повесть)
Жылдың үздік картинасы - Шаттық Батан. Бояулар күмбірі
Жылдың үздік аудармасы - Бертольт Брехт. Кураж шешей және оның балалары
Жылдың үздік мақаласы - Нұрдәулет Омарбек. Досхан Жылқыбай және симулякр
Жылдың ең үздік балалар әдебиеті - Асылан Тілегеннің балаларға арналған өлеңдері
Жылдың үздік сұхбаты - Жаңаөзенде қоңыз теру: Қазақстанның жасырын трагедиясы
Мұнымен қоса, "Мәдениет порталы" қазақ мәдениетін ұдайы насихаттап отырғандықтан, еліміздегі барлық облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасын жұмысын бақылап отырады. Осыған орай, "Мәдениет порталы" тағы бір ерекше номинацияны ұсынбақ ниетте. Ол - Жылдың үздік мекемесі. Редколлегия алқасы мен редакция мүшелерінің ұйғарымымен осы жылы ерекше мәдени іс-шараларымен көзге түскен Қарағанды облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мәдениет саласындағы Жылдың үздік мемлекеттік мекемесі ретінде танылды. Сөз соңында "Мәдениет порталы" барша оқырмандар мен қаламгерлерді жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтайды. Барыс жылы баршаңызға бақ пен береке әкелсін!