Мерекеде әртістер қарттар үйіне барды

ЖАҢАЛЫҚТАР
4217

Биыл Наурыз мерекесін Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормрниясы жаңа мазмұнда атап өтті. 

ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының ұсынысымен биылғы жылдан бастап Наурызды жаңа тұрпатта тойлау - мұқтаж жандарға, көп балалы аналарға, қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсетіп, көңіл бөлу ниетімен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ұлы даланың ұлы күнін бүгін Алматы қаласының №3 арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барып, қарттардың жағдайымен танысып, әңгіме-дүкен құрды. 

Қазақтың асыл қазынасы - қадірлі қарттарымызға, ардақты ата-апаларымызға арналған осынау игі бастамада Филармония директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Асқар Исмаилұлы Бөрібаев қарттарды наурыз мерекесімен құттықтай отырып, сыйлықтар табыстады. Қайырымдылық іс-шара филармония әртістерінің мерекелік концертімен жалғасты. 

Қарттар мекеме басшысы мен әртістерге алғыстарын білдіріп, елге тыныштық тіледі.


ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...