Кейбір атақты артистер сахнада, экранда атағын "ойнатумен" әуре. Кейіпкер жоқ, Өзі жүр. Жү...
«Дон Паскуале» операсындағы дебют
3 ақпанда «Астана Операда» «Piccolo» театры танымал жобасы аясында елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына Г.Доницеттидің «Дон Паскуале» жарқын комедиялық операсы ұсынылды. Эрнесто партиясында К.Байсейітова атындағы Камералық зал сахнасына алғаш рет Astana Opera Халықаралық опера академиясының тыңдаушысы, болашағынан үміт күттіретін жас тенор Әлихан Зейнолла шықты.
«Астана Операның» опера солистері, оркестрі, хоры мен мимансы бұл кеште спектакльдің қоюшы дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиннің жетекшілігімен өнер көрсетті. Норинаның бейнесін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай сомдаса, дәрігер Малатестаның партиясын Расул Жармағамбетов жүзеге асырды, басты рөл – бойдақ Дон Паскуалені Евгений Чайников таныстырды, Карлито – Ерұлан Кәмел.
А.Анеллидің «Сэр Марк Антонио» либреттосының желісі бойынша Дж.Руффинидің либреттосына біртуар композитор Гаэтано Доницеттидің музыкалық жауһарының премьерасы «Астана Опера» театрында 2020 жылы өтті. Италиялық репертуардың ең танымал операларының бірінің қойылымында Алла Симонишвили көркемдік жетекші болды, түрлі-түсті декорациялар мен костюмдерді Манана Гуниа жасады, спектакльдің режиссері ретінде Еренбақ Тойкенов тер төкті. Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов, жобаның техникалық директоры – Виктор Караре, жарық бойынша суретші – Сергей Кулак, опера труппасының директоры – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов.