Нұрлан Әлімжан мен Әйгерім Қалаубаева тосын жаңалықтарымен бөлісті

Фото: @aikerim_kalaubaeva_official

Жаңалықтар
23259

Әншілер үлкен жобамен айналысып жатыр, деп жазады madeniportal.kz  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасай отырып. Нұрлан Әлімжанов  "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында біраз жаңалығымен бөліскен.

"Мен тек Әйгеріммен дуэт айтамын. Әйгерім тек менімен дуэт айтады. Осындай ой бар. Өйткені, біз бұған кәдімгі жоба ретінде қарап жатырмыз. Бұған дейін арасында ғана той жүргізген кезге әндеріміз болсын десек, енді кәсіби тұрғыдан қараймыз. Әрбір үтір-нүктесіне дейін, оның киімі, стилі, клипіне мән береміз, өзінің жүйесі болуы керек", – дейді Нұрлан.

Жүргізушісі Әйгерім Сейфолла әншіден "өнердегі жұлдызды жұптардың қатарын толтырасыздар ма?" деп сұрады.

"Алла бұйыртса, толтырамыз. Олсыз да толтырып келе жатырмыз деп ойлаймын. Осы күнге дейін жарыққа шыққан екі-үш әніміз бар. Енді жақында бөлек альбом шығады. Мұны әлі ешкім білмейді, тек жақын адамдарымыз ғана хабардар", – деді әнші.

Жаңалықтар

Алматыда вейп сататын орындар жойылды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Құқықтық тәртіп жедел-алды...

Жаңалықтар

Қазақстан мен БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік туристік ұйым қазақстандық туризмді жаңғырту үшін ынтымақта...