«Болашақ» түлегі не үшін оқу ақысын қайтаруға міндеттелді?

Фото: Sputnik / Владислав Воднев

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
1596

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі, Астанада «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша білім алған түлек өзіне жүктелген міндеттемелерді орындамағаны үшін мемлекетке шығынды қайтаруға міндеттелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ qrnews-ке сілтеме жасап. 

Іс материалдарына сәйкес, 2017 жылы талапкер Ұлыбритания университеттерінің бірінде магистратураны тәмамдаған. Алайда оқу бітіргеннен кейін Қазақстанда міндетті түрде өтеуі тиіс еңбек өтілін толық орындамаған

Бағдарлама ережесіне сәйкес, түлектер Астанада немесе республикалық маңызы бар қалаларда кемінде бес жыл (1825 күн), ал басқа өңірлерде үш жыл (1095 күн) жұмыс істеуі тиіс. Алайда талапкер Астанада бар болғаны 1489 күн еңбек еткен соң, 2021 жылдың сәуірінде елден кетіп қалған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда кәмелетке толмаған қыздың өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Алд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үлкен Алматы шыңында 3680 метр биіктікте 2005–2006 жылы туған үш жас таудан өздігінен түсе алм...