Он екі жасар индиялық пианист Лидиан Надхасварам The World's Best. таланттар шоуының жеңім...
Биіктігі 45 метр: Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірі салынды
Фото: ҚазАвтоЖол
Шығыс Қазақстан облысында Пихтовка өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы аяқталды. Биіктігі 45 метрге дейін жететін нысан өңірдегі ең күрделі әрі ауқымды көпір құрылыстарының бірі саналады. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Рахман қайнарына апаратын бағыттағы Пихтовка өзені арқылы өтетін көпір құрылысының негізгі кезеңін аяқтады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Жобаның маңызды кезеңі - көпірдің соңғы, жетінші аралығының монтаждалуы. Осы жұмыстардан кейін нысан терең таулы шатқалдың екі жағалауын толық жалғады.
Көпірдің жалпы ұзындығы 175 метр, ал жер бедерінен биіктігі 45 метрге дейін жетеді. Құрылым жеті аралықтан және сегіз тіректен тұрады.
Әр аралықтың ұзындығы — 24 метр. Көпірде екі жағалаулық және алты аралық тірек қарастырылған. Қазіргі таңда барлық сегіз тірек толық тұрғызылып, жеті аралықтың монтажы аяқталды.
Осылайша, Шығыс Қазақстандағы техникалық тұрғыдан күрделі көпір нысандарының бірінің негізгі құрылыс кезеңі аяқталды.
Қазіргі уақытта нысанда соңғы абаттандыру және қауіпсіздік жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, бетон тумбалар мен қоршаулар орнатылуда, парапеттер монтаждалып, еңістер «Рено» матрастары мен габион конструкциялары арқылы бекітілуде.
Көпірдің жүріс бөлігіндегі асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.
Барлық абаттандыру және жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты жұмыстар аяқталғаннан кейін көпір пайдалануға беріледі.