Отандық "Qaitadan" фильмі шетелдік кинофестивалде үздік атанды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

КИНО
372

Қырғызстан астанасында өткен IV Бішкек халықаралық кинофестивалінде қазақстандық «Qaitadan» фильмі Орталық Азия бойынша «Үздік фильм» аталымында Гран-при иеленді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Фестиваль аясында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан киногерлерінің туындылары қатысқан Орталық Азия байқауы ұйымдастырылды.

«Qaitadan» соңғы жылдары ең табысты қазақстандық картиналардың бірі саналады. Фильм прокатта үш апта ішінде 1 млрд теңгеден астам табыс жинап, отандық кино нарығында көш бастаған.

Бұған дейін туынды STEPPE AWARDS сыйлығының «Кинематография» аталымында да жеңімпаз атанған.

Фильм 2023 жылғы питчинг жеңімпазы ретінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсірілген. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мақсат Толықбай Астана маңындағы Қабанбай батыр кесенесінің қабырғалары тұзданып, көгеріп, төбесінен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Руслан Өтепбайға сұхбат беремейін деп, кейін уәдесін бұзған...