Түркістанда ақындар айтысы өтті

ӘДЕБИЕТ
1946

Түркістан шаһарында Түркістан қаласы әкімдігінің қолдауымен “Түркістан – Ер Түріктің бесігі” атты ақындар айтысы өтті. Республикалық айтыс - Түркістан қаласының облыс орталығы атанғанына 4 жыл толуына орай өтті. 

Айтыстың ақтаңгерлері Бекарыс Шойбеков, Айбек Қалиев, Мұхтар Ниязов, Жансая Мусина, Нұрзат Қару, Шұғайып Сезімхан, Нұрлан Есенқұлов, Мейірбек Сұлтанхан сынды жалынды ақындар бақтарын сынады.

Додада бас жүлдені алматылық ақын Шұғайып Сезімхан иеленсе, оралдық ару Жансая Мусина бірінші орынға лайық деп танылды. Ал екінші орынды қызылордалық Мұхтар Ниязов жеңіп алса, үздік үштікті түркістандық Бекарыс Шойбеков мен Арқалықтың арқалы ақыны Айбек Қалиев қортындылады. Одан бөлек, Тәушен Әбуова атындағы номинация Нұрзат Қаруға берілсе, Қаныбек Сарыбаев атындағы номинация Нұрлан Есенқұловқа табысталды. Сондай-ақ, Көпбай Омаров атындағы номинация Мейірбек Сұлтанханға берілді.
madeniportal.kz

Жаңалықтар

5 қаңтар Ертіс өзеніне көлік түсіп кеткенін хабарлаған едік. Қазіргі уақытта оқиға орнында екі адамд...

Жаңалықтар

Атырау облысының қыз-келіншектері жергілікті донер жеткізуші жігіттің үстінен шағымданған, деп хабар...