Осыдан екі күн бұрын Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында мектеп-гимназияның оқушыс...
Тұмаудың жаңа түрінің айырмашылығы мен қаупі қандай?
Фото: baq.kz
Қыркүйектен бері Қазақстанда тұмаудың 590 жағдайы анықталды. Олардың негізгі бөлігі – H3N2 (Гонконг штамы), деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бұл вирустың дене қызуының күрт көтерілуі, қатты әлсіздік пен дененің сырқырауы сияқты ауыр белгілері бар. Ең үлкен қауіп тобына қарттар, жүкті әйелдер және созылмалы ауруы бар адамдар жатады.
Дәрігерлердің айтуынша, тұмауға қарсы екпені қыркүйектен сәуірге дейін салдыруға болады. Аурудың шарықтау кезеңі желтоқсан-ақпан айларына сәйкес келеді. Бір рет ауырған адам басқа штаммен қайта ауыруы мүмкін. Поликлиникаларда екпе мерзімі шектеулі болғанымен, ақылы медициналық орталықтарда вакцина көктемге дейін қолжетімді.
- Дене қызуы 38°C-тан аспаса, түсіру қажет емес.
- Көп сұйықтық ішіп, тынығу маңызды.
- Ауру адам жұмысқа, мектепке бармауы тиіс.
- Қауіпті белгілерге мән беру керек: тыныс тарылуы, шатасу, 5 күннен ұзақ қызу, кеуде ауыруы, жалпы жағдайдың нашарлауы.
- Вирусқа қарсы дәрілерді тек дәрігердің нұсқаулығымен қабылдау қажет.
- Қол жуу, бөлмені желдету, қашықтық сақтау – мұның бәрі алдын алу шаралары.