Шу қаласында дәрігерлер жүкті әйелдің өлімін жасырған, деп хабарлайды madeniportal.kz Todayinfo...
Жезқазғанда әлемдік деңгейдегі нейрохирург 80 науқасты қабылдады
Ашық дереккөз
Жезқазған медициналық орталығы әлемдік деңгейдегі нейрохирургты қабылдады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz
Жезқазған медициналық орталығы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп, заманауи нейрохирургиялық тәжірибелерді енгізуді жалғастырып жатыр. Осы бағыттағы әріптестік аясында орталыққа Түркиядағы Medicana Health Group желісінің маманы, балалар және функционалдық нейрохирургия саласының белгілі сарапшысы, профессор Erdinç Özek келді.

Сапар 13 наурыз күні дәрігерлерге арналған білім беру дәрісінен басталды. Профессор балалардағы неврологиялық ауруларды диагностикалау және емдеудің озық әдістері туралы айтып, аутизм, spina bifida және церебралды сал ауруы сияқты күрделі жағдайларға ерекше тоқталды. Сонымен қатар нақты клиникалық жағдайлар талданып, тәжірибелік ұсыныстар берілді.

14–15 наурыз күндері профессор нейрохирургиялық ауытқушылығы бар 80-ге жуық науқасты қабылдады. Өңір тұрғындары шетелдік маманнан кеңес алып, халықаралық емдеу хаттамаларымен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Сапар барысында нейрохирургия саласындағы бірқатар заманауи бағыттар таныстырылды. Олардың қатарында дің жасушаларымен емдеу, гидроцефалияны емдеу, бас және жұлын ауруларына жасалатын операциялар, сондай-ақ миды терең стимуляциялау (DBS) мен VNS-терапия секілді нейромодуляция әдістері бар.

Мамандардың айтуынша, мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға ғана емес, озық медициналық технологияларды өңірлерге енгізуге мүмкіндік береді. Ал орталық өкілдері халықаралық серіктестікті дамыту халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттырудың маңызды бағыты екенін атап өтті.