1 шілдеден бастап кімдердің жалақысы өсетіні белгілі болды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1676

Бүгін, 1 шілдеден бастап «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің жалақысы орташа есеппен 50 пайызға өседі. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды.

Министр былтыр мамыр айында «Қазсушар» қызметкерлерінің жалақысы 25%-ға көтерілгенін атап өтті. Ал биыл заңға енгізілген өзгерістер нәтижесінде орташа есеппен тағы 50 пайызға артады.

«Төмен буындағы жұмысшылардың жалақысы 2-2,5 есе өседі. Орта буын 50%-ға, басқарушы буын қызметкерлерінің айлығы 20%-ға ұлғаяды. Орташа есеппен 50 пайыз деп айтамыз. Осылайша бүкіл «Қазсушар» бойынша орташа жалақы 300 мың теңгеден асады. Бұл жұмыс бүгіннен басталды, яғни шілде айы үшін «Қазсушардың» барлық қызметкері жоғары жалақы алады», - деді Нұржігітов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, оның айтуынша, енді жыл сайын 1 қаңтарда барлық қызметкердің жалақысы индексацияланады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...