Жамбылдағы шахтаға түнде заңсыз түскен 14 адам ұсталды

Фотт: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
761

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы жер асты шахтасына түскендер ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

27 сәуір түнгі сағат екі шамасында бір топ адам шахтаға заңсыз түскен.

"Полицияға күзет қызметкерінен хабарлама түскен. Қорғалатын аумаққа заңсыз кірген Алматы, Түркістан, Қарағанды облыстары мен Астана қаласынан келген 14 ер адам полиция бөліміне жеткізілді", - дейді полиция.

Олардың сөмкелерінен тек жеке басқа қажетті жабдықтар табылған, құнды заттар болмаған.

Полиция күзетілетін объектіге заңсыз кіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толыққанды анықтау мақсатында барлық қажетті тергеу амалдары мен жедел іздестіру іс-шаралары жалғасып жатыр, дейді полицейлер.

Шоу-бизнес

MuzArt тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов шұғыл түрде ауруханаға түсіп, өзіне ота жасалғанын мәлімдед...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа адамдар Ақтаудағы Caspian Sea Action Week 2026 экология апталығына қатысты, деп хабарлайды Made...