«Жеңіс» футбол клубы жол апатының салдарынан ойыншысынан айырылды, деп хабарлайды MADENI...
Ондаған адам жоғалып кетті: Паром апатқа ұшырап, төрт адам көз жұмды
Фото: видеодан скриншот
1133
Бали аралында паром апатқа ұшарып, төрт адам мерт болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Жергілікті құтқару қызметінің мәліметінше, кеше кешке суға кеткен кеменің бортында 53 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған. Паром Шығыс Явадан Бали аралына бағыт алғаннан кейін 25 минуттан соң суға батқан.
«23 адам судан аман-есен шығарылды, төртеуі қаза тапты», - деп мәлімдеді Баньванги қаласының полиция бастығы.
Кеме операторы апат алдында экипаждың қозғалтқышында ақау барын ескерткен екен. Паром бортында жолаушылардан бөлек жүк көліктері мен өзге де көліктер болған. Іздестіру-құтқару жұмысы жалғасып жатыр.