946 адам Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға оралды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
421

Сәрсенбі, 4 наурыз күні Қазақстан әуежайларына Таяу Шығыс елдерінен елге қайтарылған республика азаматтары отырған рейстер келіп қонды, деп хабарлады  MadeniPortal.kz.

Air Astana әуе компаниясы Мәдина мен Жидда қалаларынан төмендегі рейстерді орындады:

  • KC2202 рейсі Ақтауға сағат 21:28-де келіп қонды, бортта 142 жолаушы болды;

  • KC2208 рейсі (Мәдина – Атырау бағыты) сағат 01:19-де келіп қонды, 145 жолаушы;

  • KC2206 рейсі (Жидда – Атырау бағыты) сағат 02:50-де келіп қонды, 174 жолаушы;

  • KC2204 рейсі (Жидда – Атырау бағыты) сағат 03:34-де келіп қонды, 179 жолаушы.

Сондай-ақ SCAT әуе компаниясы Boeing 767 ұшағымен Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша рейс орындайды (шамамен 290 орын).

Бүгінгі күнге дейін Қазақстанға 946 жолаушы қайтарылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі саясаткер әрі қоғам қайраткері Бахыт Түменова өмірден өтті. Бұл туралы мәж...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазір әлеуметтік желілерде продюсер Баян Алагөзова мен жұбайы Тұрсын Алагөзовтың қазақ киносының аңы...