Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам ажал құшты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
923

Абай облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жол апаты 19 ақпанда республикалық маңызы бар Омбы – Майқапшағай автожолында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, аталған автожолдың 867-шақырымында Салқын-Төбе ауылының маңында Lada Priora және Chevrolet Cobalt маркалы көліктер бетпе-бет соқтығысқан.

Жол апатынан төрт адам қаза тауып, тағы үш адам түрлі дене жарақаттарын алды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...