Қазақстанда қыс мезгілінде көлігін 5 минуттан артық қыздырған адамдарға айыппұл салынбақ. Бұл нормағ...
Айдана Меденова ешкім күтпеген жаңалығымен бөлісті
ашық дереккөзден алынған
KeshYou тобының бұрынғы мүшесі Айдана Меденова өнер саласына қайта оралатынын мәлімдеді, деп хабарлады МadeniPortal.kz .
Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Айдана тыңдармандарынан бұл шешімді асығыс бағаламауды және сыни пікірлермен сабырлы болуды сұрады.
Бұған дейін көпшілікке белгілі болғандай, ол дінге бет бұрып, сахнадан уақытша кеткен еді. Енді ол өзіне жақын музыкалық бағытта шығармашылығын жалғастыру ниетінде.
Желіде жариялаған видеосында Айдана сахнаға қайтып келетінін және өзіне ұнайтын форматта өнер көрсеткісі келетінін айтты. Оның айтуынша, бұл үйлену тойлары болсын немесе ресми концерттер болсын, бастысы – ол өз жолына қайта оралып жатыр.
Бұл жаңалық әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікірлер туғызды. Кейбіреулер оның сырт келбеті мен өткен шешімдерін қайта қозғап, сыни көзқарастар білдірсе, енді бірі оны қолдап, шығармашылығына сәттілік тіледі.