Екібастұзда мейрамханада уланған қазақстандықтарға 5 миллион теңгеден астам өтемақы төлеу туралы сот...
Қырғызстанда іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды
Фото: freepik
Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қырғыз Республикасынан аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Тергеу мәліметінше, 2022-2024 жылдары ұйымдасқан қылмыстық топ азаматтардың атына автонесие рәсімдеп, кейін сатып жіберген көліктердің ақшасын өз қажеттіліктеріне жаратқан.
Сондай-ақ жалған автокөліктерге несие рәсімдеу арқылы екінші деңгейлі банктер мен азаматтардың қаражатын жымқырған. Қылмыстық әрекеттің салдарынан екі қаржы ұйымы мен 77 жәбірленушіге 1,8 млрд теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.
Қылмыстық топтың екі мүшесіне қатысты тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды. Ал Қырғызстан аумағында ұсталған үшінші күдікті Қазақстанға жеткізіліп, тергеу изоляторына қамалды. Күдіктіге тағылған айып бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.