Бишімбаев отырған колонияда бақылау жүйесі күшейтілді

Фото: t.me/Jogargy_sot

ЖАҢАЛЫҚТАР
201

Степногорск қаласындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қауіпсіздігін күшейту үшін қосымша қаржы бөлінді. Оның аясында Қуандық Бишімбаев жазасын өтеп жатқан №5 мекемеге де жаңа бақылау жүйесі орнатылған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Бас прокуратураның мәліметінше, биыл Степногорск қаласының прокуратурасы жергілікті бюджеттен қылмыстық-атқару жүйесі нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға қаражат бөлу мәселесін шешкен.

Соның нәтижесінде №5 мекемеде кіру және шығуды бақылауға арналған заманауи бейнедомофон жүйесі іске қосылды. 

Жаңа тәртіпке сәйкес, сотталған адам белгілі бір аумақтан шығуы қажет болса, арнайы шақыру батырмасын басады. Одан кейін кезекші бөлім қызметкері бейнебайланыс арқылы оның жеке басын анықтап, шығу себебін нақтылайды.

Рұқсат берілген жағдайда ғана есік ашылады. Сотталған адам өтіп болғаннан кейін есік автоматты түрде жабылады.

"Бұл жүйе сотталғандардың бақылаусыз жүруіне жол бермеуге, өткізу режимін күшейтуге және қызметкерлер мен нысанның жалпы қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді", – деп хабарлады ведомство.

Қуандық Бишімбаев қазіргі уақытта Степногорск қаласындағы №5 мекемеде жазасын өтеп жатыр.  

PESTEL

Лос-Анджелесте 78-ші "Эмми" сыйлығын тапсыру рәсімі өтті. Кештің басты триумфаторы Apple TV+ ұсынғ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда төртінші ұялы байланыс операторын құру мәселесі әзірге тек талқылау және талдау деңгейін...