Бір кездері танымал болған әнші Сырым Исабаев сахнадан неліктен кеткенін, оған Қайрат Нұртастың анас...
Сорбұлақтағы тікұшақ апатынан қайтыс болған ұшқыштың әйелі жантебірентерлік жазба жариялады
ашық дереккөзден алынған
1929
Сорбұлақ су қоймасына құлаған тікұшақта қаза тапқан экипаж командирінің көмекшісі, капитан Аман Амангелдінің жары әлеуметтік желіде әсерлі жазба қалдырды, деп хабарлады Мadeniportal.kz.
«Саған шексіз ризамын, жаным. Батыр ұшқыш! Отан алдындағы борышын атқарып жүріп, мәңгілікке ұшып кеттің», – деп жазды ол.
Белгілі болғандай, ұшқыштың денесі су астынан табылған.
Министрліктің мәліметінше, 12 тамызда капитан Аман Нұрланұлы Амангелдінің мүрдесі анықталды. Ол – тәжірибелі ұшқыш, қиын метеожағдайларда бірнеше мәрте жаттығу жасаған, түрлі деңгейдегі жаттығулар мен арнайы операцияларға қатысқан. Қызметінде жоғары тәртіптілігімен және мінсіз беделімен танылған. EC-145 тікұшағындағы жалпы ұшу уақыты – 295 сағатты құраған.