«Бүгінгі күні мәслихаттар өңірлердің дамуына шынайы ықпал ететін тетіктерге ие. Заңнамаға сәйк...
Көкшетауда мектепте әйел құлап, басынан жарақат алды: полиция қылмыстық іс қозғады
Ашық дереккөз
Көкшетаудағы мектептердің бірінде әйел адам жарақат алды. Оқиғаның мән-жайын полиция мен тиісті мамандар анықтап жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйел мектептің жертөлесіне металл баспалдақпен өздігінен түскен. Бейнебақылау камераларындағы жазбаға сәйкес, ол жертөлеге кіріп, кейін қайта шыққан. Біраз уақыттан соң мектеп дәлізінде құлап қалған.
Оқиға орнына жедел көмек шақырылып, зардап шеккен әйел медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.
Алдын ала ақпарат бойынша, әйел басынан жарақат алып, денесі түрлі жарақаттанған және сыну фактісі тіркелген. Жарақаттардың нақты сипаты мен жағдайына медициналық мамандар баға береді.
Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Мектеп әкімшілігі зардап шеккен әйелдің отбасымен байланыста болып, қажетті қолдау көрсетуде.
Ал полиция аталған факті бойынша тергеу бастаған.
«Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.