Мұнайға құлап кеткен құсты тазалаған жұмысшылардың әрекеті елді сүйсінтті

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1821

Мұнайға құлап кеткен құсты тазалаған жұмысшылардың әрекеті елді сүйсінтті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Желіде Жаңаөзенде мұнай кенішінде мұнайға құлап түскен құстың видеосы тарады. Кадрдан жұмысшылардың құсты сүртіп, тазалап жатқанын көруге болады. 

Жергілікті сарапшының айтуынша, құс үлкен бөдене немесе сары балықшы болуы мүмкін. Ал желі қолданушылары «Оқпан» құс деп тұжырымдап жатыр. 

Оқпан құс немесе кіші әупілдек қауырсындары сарғыш-қоңыр, бойы бойлай қара-қоңыр жолақтармен көмкерілген, денесі толықша, мойны ұзын, тұмсығы үшкір әрі сәл жоғары иілген. Дауысы ерекше, «оқпан атқандай» үн шығарады, сондықтан кей өңірлерде «оқпан құс» деп атайды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...