Қостанай - Астана рейсіндегі оқиғаға байланысты тексеріс басталды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
669

Көлік министрлігі QazaqAir әуе компаниясының Қостанай - Астана рейсіндегі оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

QazaqAir әуе компаниясының Қостанай - Астана бағыты бойынша сенбіде орындалуға тиіс болған тұрақты рейсі техникалық ақауға байланысты ұшу алаңынан қайтарылды. Әуе кемесіндегі ақау анықталған соң, ұшу процесі қауіпсіздік мақсатында тоқтатылған. Кейбір жолаушылар шассидің маңында жарқыл көргенін айтқан.

"Бұл жайт техникалық тексеріс кезінде есепке алынады. Ақауды анықтау және жою үшін компанияның техникалық тобы Қостанай әуежайына жіберілді", - деп хабарлады QazaqAir баспасөз қызметі.

Әуе компаниясы жолаушыларға барлық қажетті қолдау шараларын ұсынды: қонақүйге орналастыру, билеттердің толық құнын сатып алынған жерінде қайтару немесе өзге рейстерге ауыстыру мүмкіндігі берілді.

Оқиғаға қатысты Көлік министрлігі ресми пікір білдірді.

"Қостанай-Астана бағыты бойынша Qazaq Air әуе компаниясының рейсінде болған авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру үшін саладағы ережелерге сәйкес арнайы комиссия құрылады. Бұл жұмысты министрліктің Көліктегі оқиғаларды тергеу департаменті жүргізеді", - делінген ведомство хабарламасында.

Министрлік тексеріс қорытындылары бойынша қосымша ақпарат берілетінін, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қажет шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылғы 29 қаңтарда Санкт-Петербургтің Ленин аудандық сотында танымал боксшы Дмитрий Биволдыңбұры...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алкогольдік мас күйде болған, шизофрениямен ауыратын ер адам Екібастұзда әйелін шәйнекпен ұрып-соққа...