Димаш Құдайберген халықаралық DIAFA сыйлығының иегері атанды

Фото: инстаграм парақшасынан

ЖАҢАЛЫҚТАР
2117

Әнші халықаралық деңгейде марапатталғанын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kzтілшісіне сілтеме жасап. 

– Өнерге қосқан үлесі үшін берілген Diafa сыйлығы үшін рахмет. Рахмет Дубай, Рахмет Diafa, – деп жазды әнші парақшасында.

Ал Diafa сыйлығының парақшасында әншіге алғыс жазылды.

– Димаштың қолдаушы және жақсы көретін адамдарына деген ризашылығы әрқашан өте шынайы және ойлы! Біз оның жанкүйері болғанымызды мақтан тұтамыз! – делінген жазбада.

Дубайда жыл сайын берілетін DIAFA сыйлығы — қоғам өмірін жақсартуға және әртүрлі салалардағы жетістіктерге қосқан елеулі үлесі үшін араб және басқа елдердің көрнекті тұлғаларына берілетін бірегей сыйлық. Лауреаттар тізімі музыка, өнер, мәдениет, экономика, бизнес және қайырымдылық саласындағы сарапшылардан тұратын қазылар алқасының шешімі негізінде құрылады. Сыйлықтың мақсаты: ерекше танылуға лайық, әртүрлі саладағы танымал адамдарға құрмет көрсету, олардың мансаптағы және қоғамдық саладағы жетістіктерін атап өту. Бұл сыйлық музыка, өнер, мәдениет, экономика, бизнес, гуманитарлық қызметі үшін әртүрлі салалардан бүкіл әлемде ерекше із қалдырған тұлғалар мен қайраткерлерге беріледі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...