АҚШ-тағы Гарвард университетінің ғалымдары және интернет алыбы Google адам миының ең егжей-тегжейлі...
Маңғыстаулық кәсіпкер көлік ойнатқаны үшін 770 мың теңге айыппұл төлемек
Фото: inbusiness.kz
Маңғыстау облысының кәсіпкері өзінің Instagram парақшасында Toyota Land Cruiser Prado 120 автокөлігін ойнатқан лотерея үшін 775 320 теңге айыппұл төлеуге мәжбүр болды, деп хабарлайды madeniportal.kz azattyq-ruhy.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының мәліметінше, кәсіпкер өз парақшасында қаражат жинаумен лотерея ұйымдастырған. Алайда, ол ресми лотерея операторы болмағандықтан, заң талаптарын бұзған.
«Жеке кәсіпкер Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылды», — делінген сот хабарламасында.
Сот шешімімен кәсіпкер кінәлі деп танылып, 775 320 теңге көлемінде айыппұл салынды. Шешім заңды күшіне енді.
Сот өкілдері лотерея ұйымдастыру құқығы тек ресми лотерея операторларына берілгенін еске салды.