АҚШ пен Иран келісімге келді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
102

АҚШ пен Иран келісімге келді. Келісімге 19 маусымда Швейцарияда қол қойылады. Бұл туралы Пәкістан премьері Шахбаз Шариф айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оның айтуынша, Вашингтон мен Тегеран атысты дереу әрі толық тоқтату жөнінде келісімге келген.

Трамп та келісімнің жасалғанын растады және Иранға қатысты блокаданы алып тастауға, сондай-ақ Ормуз бұғазы арқылы халықаралық кеме қатынасын қайта жандандыруға «рұқсат бергенін» айтты.

Иран тарапы да келісімнің негізгі шарттарын жариялады. Mehr агенттігінің хабарлауынша, Вашингтон:

Иранның бұғатталған активтерінен $24 млрд босатуға;

бұл қаражаттың жартысын келісімге қол қойылғанға дейін қайтаруға;

мұнай саласына қатысты санкцияларды алып тастап, жаңа шектеулер енгізбеуге;

одақтастарымен бірлесіп, Иран экономикасын қалпына келтіруге бағытталған көлемі кемінде $300 млрд болатын бағдарламаны ұсынуға міндеттелді.

Өз кезегінде Иран ядролық қару жасамауға міндеттеме алып, Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа адалдығын растайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде өзін бірнеше ер адам зорлап, салдарынан жүкті болғанын мәлімдеген Наташа Қалымбето...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада 20 жастағы жігіттің өліміне 15 жастағы інісі күдікті деп  танылды, деп хабарлайды M...