Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
900

Түркістан облысы Отырар ауданында мақта зауытынан өрт шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

— 2025 жылы 14 желтоқсан күні сағат 03:57–де Отырар ауданы, Темір ауылында мақта пунктінің ашық аумағында ауданы 360 шаршы метр аумақта жиналған мақта жанды. Жалпы салмағы — 260 тонна. Қоймада жалпы 4500 тонна мақта сақталған. Өрт сөндірушілер 4240 тонна мақтаның жануына жол бермеді. Өрт сағат 06:54–те толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның шығу себебі анықталып жатыр, — делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінен — 30 жеке құрам, 7 техника, ауыл құтқарушыларынан — 3 адам, 1 техника, орман шаруашылығынан — 3 адам, 1 техника және жергілікті атқарушы органнан — 15 адам, 4 су тасушы техника жұмылдырылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Желіде Әзел Дархан есімді қыз жазба жариялап, 2025 жылғы 17 желтоқсанда жатақханада өзін екінші...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....