Әнші Argonya концерттегі әрекетіне түсініктеме берді

Фото: әлеуметтік желі

Шоу-бизнес
181

Танымал әнші Argonya алғаш рет сұхбат беріп, Қайрат Нұртастың Астанада өткен концертінде болған жағдайға қатысты пікір білдірді. Өнер иесі әлеуметтік желіде өзіне бағытталған сынға жауап беріп, сол күні сахнаға қандай жағдайда шыққанын айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әншінің сөзінше, концерт күні денсаулығы сыр беріп, дене қызуы көтерілген. Соған қарамастан, көрермен алдындағы міндетін орындау үшін сахнаға шығуға шешім қабылдаған.

“Сол концертке біз шынымен қатты ауырып бардық. Мен қатты ауырып бардым. Дене қызуым көтеріліп тұрды. Шынымды айтатын адаммын. Ауырып тұрғаннан кейін 100 грамм тартып жібердім. Қатты көрініп қалды деп ойлаймын. Тентіреп тұрған жоқпыз ғой. Басым, құлағым барлығы дыңылдап тұрды”, – деді әнші.

Argonya өзін жайсыз сезінгенімен, концертке қатысудан бас тарта алмағанын жеткізді. Өйткені көрермендерге оның өнер көрсететіні алдын ала хабарланған.

“Тырысып жатырсың, билеп жатырсың, бірақ денсаулық қой. Іштей шаршап тұрсың, бірақ сені келеді деп айтып қойған. Қалай сен “жоқ, бармаймын” дейсің? Аллаға шүкір, жанды дауыста айтып шықтық”, – деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар өнер иесі сахнадағы өнеріне қатысты жағымсыз пікірлерге де тоқталды. Оның айтуынша, концерт кезінде техникалық қолайсыздықтар да болған.

ӘДЕБИЕТ

Ештеңе өнген жоқ Салман Рушди (алғашқы есім-сойы Ахмед Салман Рушди Ahmed Salman Rushdi...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте 10 қазанда өткен Қайрат Нұртастың концертіне сатылған билеттер саны концерт алаңының рұқса...