Түркістан облысында даун синдромы бар баланы ағайы жантүршігерлік жағдайда ұрып-соқты

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1772

Түркістан облысында даун синдромы бар бала соққыға жығылған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жайт туралы «Әділ кәсіподақ» ұйымы жария етті. Ерекше күтімді қажет ететін 13 жастағы баланың даун диагнозы бар. Ол Сарыағаш қаласындағы "Ақылды бала" коррекциялық орталығына барып жүрген.

-“Жақында сабақ үстінде болған мына жағдай бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Мұғалім Еркебұланды аяғынан сүйреп, жерде жатқызып, бұрышқа қойып, таяқпен ұрып жатыр ма?”, - дейді кәсіподақ ұйымы. 

Еркебұлан сабақтан алып кетуге келген анасы Гүлжаухарға мұғалімдер ұрғанын айтқан. 

“Ағай мені ұрды. Қатты қорқып кеттім, жүрегім ауырып жатыр...» — деп, жылаған. Еркебұланның жүрегіне бұған дейін екі рет ота жасатқан. Егер сол сәтте жүрегі тоқтап қалса — кім жауап береді? Біз мына жағдайға үнсіз қала алмаймыз!", - дейді ұйым өкілдері. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...