Әйел 6 жастағы ұлын аш қалдырып, өзі клубқа кетіп қалған деп хабарлайды madeniportal.kz. Ресейден к...
«Әр сапар қауіпсіз болсын»: «Тұмар» мен InDrive әйелдер қауіпсіздігі үшін бірікті
Madeniet Portaly
«Тұмар» азаматтық жобасы мен халықаралық InDrive компаниясы такси қызметтеріндегі қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында бірлескен жұмысты бастады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz
Бұл бастама зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру, қоғамдағы қауіпсіздік мәдениетін дамыту және әрбір әйел мен жолаушының қорықпай сапар шегу құқығын қорғауға бағытталған.
Жобаның жетекшісі Ғалия Түзеннің айтуынша, «Тұмар» командасы бірнеше ай бойы такси қызметтерін тексеру рейдтерін өткізіп, сапа мен қауіпсіздік стандарттарын зерттеген. Бұл рейдтер барысында жолаушыларға қатысты әдепсіз қарым-қатынас, көліктің техникалық жағдайы және жүргізушілердің мінез-құлық мәдениетіне байланысты мәселелер анықталған.
Алматыда өткен кездесуде «Тұмар» және InDrive өкілдері жүргізушілерге арналған жаңа этика стандарттарын енгізу, клиенттерге арналған жедел байланыс арналары мен қауіпсіздік ескертпелерін күшейту бағыттарын талқылады.
InDrive компаниясының өкілдері жобаның маңыздылығын атап өтіп, платформасында әйелдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жаңа шараларды енгізуге дайын екенін жеткізді.
Серіктестік аясында «Тұмар» тобы компаниямен бірлесіп ақпараттық науқандар, оқыту тренингтері және қауіпсіздік мәдениетін дамытуға бағытталған арнайы бейнероликтер сериясын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Бұған қоса, «Қауіпсіз әйелдер таксиі» жобасы да дами береді — мұнда қыздардың шынайы оқиғалары негізінде түсірілген жаңа шығарылымдар жарық көреді. Бұл материалдар қоғамда үнсіз қалған мәселелерді ашық талқылауға, әрбір сапардың қауіпсіз болуына шақырады.
«Біздің мақсатымыз – адамдар бір-біріне құрметпен қарап, қорықпай өмір сүретін орта қалыптастыру. Қауіпсіздік — әркімнің негізгі құқығы», — дейді Ғалия Түзен.
«Тұмар» бастамасы — қоғам, мемлекет және бизнес арасындағы нақты ынтымақтастықтың үлгісі. Бұл жоба арқылы Қазақстанда әділетті әрі қауіпсіз қоғам құруға бағытталған нақты қадамдар жасалып келеді.