Ассамблеяның негізі Алматыда қаланды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2069

Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы – ұлт­тық мемлекеттік саясаттың бөлінбес маңызды бөлігі, мәдени және этносаралық диалогтың бірегей тетігі, халықтық дипломатияның пәрменді құралы.

Алматы қалалық ҚХА құрамына 34 қалалық этно-мәдени бірлестік (ЭМБ) кіреді, олардың қызметі этносаралық келісімді нығайтуға және Қазақстан халқының бірлігін, этностардың мәдениетін, дәстүрлерін, тілдерін сақтауға бағытталған.

Қалада бес театр қызмет етеді, 12 жексенбілік мектеп жұмыс істейді, 2012 жылдың сәуірінен бастап Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық тобы (ҒСТ) жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының жанында Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблея­сының Депозитарийі жұмыс істеп жатыр. ҚР Пар­ламенті Мәжілісінің үлгісі бойынша қалалық мәслихатта «Ынтымақ» депутаттық тобы, қаланың 7 ауданында Қоғамдық келісім кеңесі әрекет етеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Президентінің Жарлығымен 1995 жылдың 1 наурызында құрылғаны белгілі. Ассамблеяның негізі сол кездегі ел астанасы – Алматыда қаланды. ҚХА-ның төрағасы – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болып сайланды. Еліміздің ең ірі мегаполисінде Қазақстан­дағы этно-мәдени бірлестіктердің көпшілігі шоғырланған. Әлем елдері арасында алғаш болып құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінгі таңда толеранттықтың, этносаралық ауызбіршіліктің үлгісі болып отыр.

Елбасы Н.Назарбаев «Ассамблея, бұл – 17 млн. Қазақстан халқы» деп айтқан болатын. Бүгінгі бейбіт Қазақстан ел Президентінің осы сөздерінің айғағындай. 

Еркенұр Ерзия

Madeniet.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда тағы алты жол учаскесі ақылы болады. Олардың жалпы ұзындығы 1,8 мың ш...

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...