Астана – Көкшетау тасжолы жабылып, 600 жолаушы пойызбен эвакуацияланды

Фото: massaget.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2412

Астана – Көкшетау тасжолының жабылуына байланысты пойыздағы 600 жолаушы эвакуацияланып жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шара ауа райының қолайсыздығына байланысты қолға алынған.

"2024 жылғы 12 қазанда "Астана–Көкшетау–Астана" бағыты бойынша жүретін №327/328 және №623/624 пойыздарына 13 қосымша вагон қосылды. Бұл шаралар шамамен 600 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді", – деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ. 

Ұлттық тасымалдаушы қолайсыз ауа райы кезінде жолаушылар тасымалын қатаң бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.

"Қазіргі таңда Ұлттық тасымалдаушының қызметкерлері пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етіп жатыр", – делінген хабарламада.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі продюсер әрі актриса Дариға Бадықова жақында тағы да бір фильмнің тұсауы кесілетінін айтты,...