“Ата-анасы жұмыста болған”: Иттер 1,5 жастағы баланы талап өлтірді

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2204

Малайзияда ата-анасы жұмыста болған сәтте жабайы иттер 1,7 жастағы баланы талап өлтірді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ POLITICO.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы World of Buzz басылымы жазды.

Полиция мәліметінше, ата-анасы жұмыстан үйге оралғанда баласын үйден 20 метр қашықтықта, иттер қоршап жатқан күйінде тапқан. Сол уақытта бала ағасының қарауында болған.

Округ полициясының бастығы Мохаммад Хафиздің айтуынша, баланың басы мен денесінде көптеген жарақаттар мен тістеу іздері болған. Оқиға орнына келген дәрігерлер нәрестенің көз жұмғанын растады.

Әкесі баласын таппай, үйді түгел іздегендерін, кейін далада жатқанын көргенін айтқан. Қазір полиция бұл оқиғаға байланысты тергеу жүргізіп жатыр, оның ішінде бала қарауын қамтамасыз етудегі салғырттық мәселесі де қаралуда.

Жергілікті тұрғындар болса, аудандағы жабайы иттердің көбеюінен қауіптеніп, билікке шара қолдануды талап етуде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...