Астанада тосын жайтқа тап болған 4 жасар балақай құтқарылды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1948

Астанада 4 жасар балақай құтқарылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға елорданың Есіл ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде болған. Қараусыз қалған кішкентай қыз бала ойнап жүріп, қолын жылыту радиаторына тығып, қайта шығара алмай қалған.

"Мазасызданған ата-ана 112 қызметіне хабарласты. Құтқарушылар гидравликалық сайманның көмегімен батареяның арасын ашып, баланың қолын босатты. Бала зардап шеккен жоқ", - деп жазылған хабарламада.

ТЖД балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан Серікбай әлеуметтік желідегі парақ...

СПОРТ

Қазақстан футболының аңызы Самат Смақовтың ұлы Аламгир Смақов түркиялық атақты «Бешикташ&raquo...