Қазақстандық спортшы Сауд Арабияда қамауға алынды

Ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1404

Сергей Веселовтың әкесінің айтуынша, ұлы 19 маусымда Астанадан Ыстанбұлға демалуға барған. Сол күннен бастап бір апта бойы жақындарымен байланыста болған. Алайда кейіннен байланыс үзілген. Іздеуге кіріскен әкесі ұлының Сауд Арабиясының Мәдина қаласында екенін анықтаған, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Dalanews.kz жазды.

Спортшының бұл қалаға не себепті барғанын туыстары білмейді.

“Қазір біз оның тірі екенін анықтадық. Тергеу изоляторында отыр. Бірақ қай учаскеде, қандай баппен айыпталып жатқаны әзірге белгісіз. Консул “уақыт керек” деп отыр. Ұлым Сауд Арабиясында, Мәдина қаласында екенін растады”, – дейді Сергейдің әкесі.

Қазақстандық азаматтың ұсталғанын еліміздің Сыртқы істер министрлігі де растады:

“Ол құқық қорғау органдары тарапынан ұсталды. Қазір Мәдина қаласында. Әзірге ешқандай айып тағылған жоқ. Жағдайды анықтап жатырмыз”, – делінген ресми жауапта.

Қазір Веселовтар отбасы ұлына қорғаушы мен аудармашы жалдау үшін қаржылай көмек іздеп жүр. Олар қазақстандықтардан қолдау сұрайды.

Айта кетейік, 19 жастағы Сергей Веселов – Шығыс Қазақстан облысының бірнеше дүркін чемпионы, пауэрлифтингтен Азия чемпионы және әлем чемпионатының жүлдегері.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Референдум бойынша алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Еуразиял...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Балпық ауылдық округінің орталығы – Жаңаталап ауылында №147 сайлау учаскесінде таңмен таласа о...