Белгілі қазақстандық музыкант Тимур Урманчеев «Қазақконцерт» мемлекеттік концертті...
Астанада жол үстінде жүк көлігі өртеніп кетті (ВИДЕО)
ашық дереккөз
1266
Астанада, Нұра ауданында Айтматов пен Сығанақ көшелерінің қиылысында жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Оқиға орнына келген ТЖМ бөлімшелері жүк көлігінің кабинасы ашық жанып жатқанын анықтады.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің нәтижесінде өрт толықтай сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.