Жантүршігерлік ұшақ апатынан борттағылардың бәрі ажал құшты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2987

Кореяда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Алдын ала мәлімет бойынша,  P-3 теңіз патрульдік ұшағы жергілікті уақыт бойынша 13:43–те елдің оңтүстік-шығысындағы Пхохан қаласындағы әскери базадан оқу-жаттығу тапсырмасын орындау үшін ұшып шыққан. Алайда 13:49 шамасында ұшақ базаға жақын маңдағы төбеге соқтығысқан. Ведомствоның мәліметінше, тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ. Қаза тапқандардың денелері күйіп кеткен.

Жанып жатқан ұшақты сөндіру үшін тікұшақтар мен арнайы техникамен жабдықталған өрт сөндірушілер жұмылдырылды. Мәліметтерге қарағанда, апатқа ұшыраған P-3 ұшағы толығымен жанып кеткен.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметті желіде Ақтаудағы Орталық жолда өртеніп жатқан көліктің видеосы тарады, деп хабарлады ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 65 жастағы ер адам 35 жастағы әйел мен оның 10 айлық қызын зорлап өлтірді деген күдікпен...