2026 жылдың тамыз айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтарды 10 демалыс күні к...
Түркістан облысында 27 жастағы жүкті келіншек суға ағып кетті
Фото: freepik
1749
Түркістан облысында демалуға шыққан жүкті әйел өзенге батып кетті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Түркістан облысында таулы аймаққа демалуға барған жүкті әйел Сайрамсу өзеніне батып, қайтыс болды. Қайғылы жағдай Төлеби ауданындағы «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің аумағында орын алған. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің 5 құтқарушысы мен 2 техника жеткен. Алайда 27 жастағы келіншектің денесін судан орманшылар мен туыстары алып шыққан. Белгілі болғандай, ол туыстарымен табиғатқа шығып, тыныстап қайтуға барған екен. Жыл басынан бері өңірде 39 адам әр түрлі жағдайда суға кеткен.