Нұрлан Сабуров туған қаласына оралды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
854

Стендап-комик Нұрлан Сабуров өзінің туған қаласы — Степногорскке келді. Ол ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владимир Камашовты еске алуға арналған халықаралық бокс турниріне қатысты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы журналист Ерзат Сергазин Instagram-дағы парақшасында жазды. Ол комикпен түскен суретін жариялады.

Жас боксшыларға арналған турнир Степногорск қаласындағы турнир 20–25 сәуір аралығында өтеді.

«ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владимир Камашовты еске алуға арналған бокс турниріне Степногорск тумасы, танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров қатысты», — деп жазды Сергазин.

Еске сала кетейік, жақында танымал қазақстандық комикке Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынған еді. Бұл шешім «елдің ұлттық қауіпсіздігі, заңнаманы сақтау және дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қорғау мүддесінде» қабылданған. Сондай-ақ белгісіз себептермен оның Қытайдағы концерттері тоқтатылып, Молдовада да концерттерін өткізбеу ұсынылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда TikTok-та тікелей эфир кезінде боғауыз сөздер айтқан екі адам әкімшілік жауапкершілікке...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүлдіршіннің анасы қызынан қанды бөлініс және жағымсыз иіс байқап, дәрігерлерге жүгінген, деп хабарл...