“Ауыр дертпен күресіп жүрген”: Танымал футболшы жол апатынан ажал құшты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2275

Францияның "Монако" клубының және Хорватия ұлттық құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Никола Покривач жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Марқұм 39 жаста еді.

Хорватия футбол одағының хабарламасында, 2015 жылдан бері Никола Покривач ауыр дертпен күресіп, осы себепті кәсіби мансабын аяқтағанын айтты. Алайда көп ұзамай төменгі дивизиондағы клубтардың бірінде футболшы ретінде алаңға қайта оралған. Бұл оның футболға деген шексіз махаббатын айқын көрсетті.

Жол апаты  жұма күні Карловац қаласында орын алған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, төрт жеңіл көлік соқтығысқан. Екі адам, соның ішінде Покривач оқиға орнында көз жұмды, ал тағы үш адам ауруханаға жеткізілді. Футболшы төменгі лигадағы "Войнич" клубындағы жаттығудан қайтып келе жатқан.

Никола Покривач 2008/2009 маусымында "Монако" сапында өнер көрсетті, сондай-ақ өз еліндегі бірнеше клубта және "РБ Зальцбург" құрамында ойнады. Ұлттық құрама сапында 14 матчқа қатысқан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда TikTok-та тікелей эфир кезінде боғауыз сөздер айтқан екі адам әкімшілік жауапкершілікке...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүлдіршіннің анасы қызынан қанды бөлініс және жағымсыз иіс байқап, дәрігерлерге жүгінген, деп хабарл...