Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Жәркен Бөдешұлы 76 жасында өм...
Германияда жоғалып кеткен әйелдің ағасы жағдай туралы айтты
inbusiness.kz
Германияда жоғалып кеткен қазақстандық әйелдің туыстары тезірек виза алып, оны іздеуге шығуға тырысып жатыр, деп хабарлайды Мәдениет порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Айгүл Сайлыбаеваның ағасы қарындасы оларға зорлық-зомбылық фактілері туралы айтпаса да, достары бұл туралы болжағанын түсіндірді.
“Қарындасым жоғалып кеткеннен кейін мен оның құрбыларымен тілдесіп, қарындасымның қалай қиналғанын, күйеуі оған түрлі физикалық және психологиялық қысым көрсеткенін естідім. Күйеуінің туыстары, әсіресе енесі күн бермеген көрінеді. Гематомалары, соққы алып, денесі көгерген, сырылған, құлақтары ісінген фотолары бар. Кейінгі айда ол видеоқоңырауға шықпады”, – деді Айгүл Сайлыбаеваның ағасы Қанат Сайлыбаев.
Айгүл Сайлыбаева 2020 жылы күйеуімен бірге Қазақстаннан кеткен. Олар әртүрлі елдерде тұрған, соңғысы – Германияның Бенсхайм қаласы. Әйелдің күйеуі құқық қорғау органдарына олардың нақты тұрғылықты мекенжайын айтқысы келмеген екен. Осыған байланысты жоғалғанын үш күн болғаннан кейін ғана пәтерді тінтіген кезде білген.
Айгүл Сайлыбаева туыстарына соңғы рет 3 маусымда хабарласқан. Бірақ қазақстандық дипломаттар әйелдің жоғалғанын 5 маусымда оның туыстары бас консулдыққа хабарласқанда ғана білді.
“Жергілікті полиция қызметкерлерімен әңгімелесіп, олар мұқият іздейтіндерін айтты. Соған қарамастан Берлиндегі бас консулдығымыз бен елшілігіміз бұл мәселені ерекше бақылауда ұстау үшін Германияның сыртқы істер министрлігіне тиісті үндеу жолдады. Қазір неміс тарапымен бірлесе отырып, Қазақстандағы туыстарына виза алу мәселесін пысықтап жатырмыз”, – деп мәлімдеді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.