Базарда қақтығыс болып, 30 адам ажал құшты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1535

Нигерияда базарға жасалған қарулы шабуылдан 30 адам қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Нигерияның Нигер штатында орналасқан базарға қарулы топ шабуыл жасап, салдарынан кемінде 30 адам қаза тапты. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, мотоциклмен келген шабуылдаушылар оқ атып, бірнеше адамды күштеп алып кеткен.

Сондай-ақ базар аумағындағы дүкендер тоналып, өрт қойылған. Қазіргі уақытта шабуылға қатысты ел билігі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Айта кетейік, Нигерияның бірқатар өңірлерінде қарулы қарақшы топтар белсенді әрекет етеді. Үкімет олармен күреске армия бөлімшелерін тартып келеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде аман қалған үш әскери қызметші «Ерлігі үшін&raqu...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті қаб...