Ұлдана Мырзуанның күйеуі жәбірленуші мәртебесінде қалды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
190

Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысында оның күйеуі Әділет Зейнелдің жәбірленуші мәртебесіне қатысты мәселе қаралды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әділет Зейнел соттан өзін жәбірленуші мәртебесінен айыруды сұраған. Алайда сот оның өтінішін қанағаттандырмады. Осылайша, ол қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде қала береді.

Іс бойынша айыпталушы — Сәуле Жұбаниязова. Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 254-бабы бойынша, яғни өз міндеттеріне салғырт қарады деген айып тағылып отыр.

Келесі сот отырысы 20 тамызда өтеді.

23 жастағы Ұлдана Мырзуан 2025 жылы 18 қарашада қызметтік міндетін атқару кезінде көз жұмды.

2025 жылы 8 қарашада елордада тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысының бөлігі құлап, салдарынан 5 адам зардап шекті.

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда 1 қыркүйекке дейін 8 жаңа мектеп ашылып, жұмыс істеп тұрған білім беру нысандарындағы жөнде...