Бір-бірімен таныс 12 қазақстандық сотталып кетті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2061

Діни-экстремистік ұйымның әрекетін ұйымдастырды және оған қатысы бар деген айыппен 12 қазақстандық сотталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. 

Тергеу барысында сотталғандар Қазақстан аумағында діни алауыздықты қоздыру, террористік және экстремистік идеологияны тарату мақсатын көздеп, сондай-ақ, жаңа адамдарды тартумен айналысқаны анықталды.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оларды 9 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырды.

"Сотталғандардың көбі бұрын ауыр қылмыстар, соның ішінде полиция қызметкерін өлтіргені, қарақшылық жасағаны, тонағаны, адам ұрлағаны және есірткі заттарын өткізгені үшін сотты болған", - деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алдағы уақытта Қазақстан азаматтары Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстанға шетелдік төлқұжа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда полиция ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы қасақана жалған ақпарат берген 56 жастағы...