“Белгісіз ақ ұнтақ пен дәрі ішкізген”: Бойжеткен экс-жігітінің тепкісінің астында қалды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1846

Әлеуметтік желіде бойжеткен экс-жігітінің тепкісінің астында қалғанын айтып, халықтан көмек сұрады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Оқиға 18 шілде күні Екібастұзда болған. Қызды экс-жігіті бір сағаттан астам уақыт ұрып-соққан.

Ер адам қыздың басын қабырға мен еденге ұрып, тепкінің астына алып, қылқындырған. Сондай-ақ мәжбүрлеп белгісіз ақ ұнтақ пен дәрі ішкізген.

Бойжеткен полиция жағдайдан соң дереу әрекет етпегенін айтады. Қылмыс іздерін қарау және тіркеу жүргізілмеген. Қыз көпшіліктен көмек сұрап, әділ тергеуді талап етіп отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда келінінен таяқ жеген әйелдің жағдайын адвокат Тлеужан Кішкенбаев айтып берді, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада салынып жатқан тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Елордадағы Сарайшы...